01.06.2022
  115


Автор: Болат Жетекбай

Гүлжаһан

Таң атты. Күн жалындар
Шығыстан тарап нұры.
«Жұмысқа жиналыңдар!»
Бұл – завод гудогы үні.
Жуынып, асқа отыру,
Әдетім – күнде менің.
Әлі алты, бірқыдыру
Уақыт бар, үлгеремін!
Киімін жайып салды,
Үтікке бек басылар...
Станок күтіп қалды,
Гүлжаһан цехқа асығар.
Айналар желдей зырғып,
Жеті станок нөпірлеген.
Шыт, сиса түсер сырғып
Бумаға метрлеген.
Көз тартар тегіс, таза,
Матасын кермеледі.
Жоспары жүзден асты,
Гүлжаһан – еңбек ері.





Пікір жазу