01.06.2022
182
Туған өлкем
Мадақтауға күндіз-түні жалықпан
Нұр шырақты, көп бұлақты сәнді жер!
Сая таптым ыстық күнде талықсам,
Асау өзен, күміс, сулфат кенді жер!
Сендей мекен әлемде жоқ деседі –
Адамдары еркін, азат өседі,
Шырқап әнін, шаттық ғұмыр кешеді
Ақ қанатты, бақ-мерейі асқан жер!
Берекелі, байлық тұнған, гүлденген
Байтақ далам әр жүрекке жыр берген.
Қызыл қандай қайнап мұнай түрленген
Жасампаздық қуат-күші тасқан жер!
Сана бердің жұмысшыға, шаруаға,
Талап бердің ғылым іздер жанға да,
Тың ойларға маздақ болған маң дала
Байлық- кенін бауырына басқан жер!
Бұл бақытты Тәңір берді, шалқытты,
Аспанында алтын Күнін қалқытты,
Топырағыңнан таптым асыл бар құтты
Қонақжайлы, кең құшағын ашқан жер!