01.06.2022
  88


Автор: Болат Жетекбай

Бақыт

– Әке, айтшы, бақыт деген не сонда?
Жауап берді: – Өзің көріп, сез, аңда!
Егістікте – мақта,
қырда мал өскен,
Бар табиғат – шеберхана,
ұстасы сен емес пе ең?!
Қырмандағы алтын дәнге қарашы,
Бай даланың ырыздығын санашы!
Сауалыңа өзің жауап табасың:
Адал еңбек – бақ-дәулеттің анасы.





Пікір жазу