Өмір
Тіпті секунд текке өтпеуге аңдамай,
Түн жарымда тыншу таппас өмір, бұл.
Мына бізден шабыт алып таңғы арай,
Түнек түріп, түске енеді керім бір.
Теңіз кешіп, жап-жас өмір талмайды,
Жолындағы қалаларды басты аттап!
Күн шығатын биіктерде самғайды,
Адамдардың арманымен асқақтап .
Станокта – бұйым жасар әрқилы,
Жөңкіледі жылғаға да құйылып...
Қиырларды ыстық демі шарпиды,
Жердің бетін гүлденуге бұйырып.
Мен мұндамын! – деп кей сәтте гүр етсе,
Кейде мақта қауыздарын ашады ол.
Ұйықтамайды сақшы доспен күзетте,
Тау шыңында, қия бетте – таса жол.
Қыз-қыз қайнап, буырқанған өмір-ай,
Қараңғыны сәулесімен тілімдеп!
Табиғатпен төркіндес беу, көңіл-ай,
Қарсы алады жаңа күнді күлімдеп.
Тіпті секунд текке өтпеуге аңдамай,
Түндерде де тыншымайтын өмір, бұл.
Мына бізден шабыт алған таңғы арай,
Құй нұрыңды, шапағыңды төгілдір!