01.06.2022
  143


Автор: Дәулет Мұқаев

Бизнесті дамытуға арналған кейстер:


  1. Shoutout for shoutout немесе екіжақты жарна- ма. Бұл дегеніміз екі парақша оқырмандарына бір-бірін жарнамалайды. Келісім бойынша екі парақшаның админдері бір уақытта пост немесе сторис салып, бір бірін белгілейді. Посттағы та- уармен танысқан адамдардың басым көпшілігі парақшаға кіреді. Демек екі парақшаның оқыр- мандары алмасады. Бұл әдісті қазіргі кезде көп- теген танымал блогерлер тиімді пайдаланып жүр. Мысалға алатын болсақ, еліміздегі танымал әншілердің бірі өзі қолданған косметиканы жарнамалайтын болса, көптеген оқырмандар белгіленген парақшаға кіріп, қосымша ақпарат алғысы келеді. Ал кезекті бизнес парақшада тауарды сол әнші сатып алғандығы туралы пост турса, оқырманнның сенімділігі арта түседі. Дәл осы жарнама уақытында парақша жабық болуы керек. Себебіоқырмандарақпараттытексеруүшін «подписаться» тетігін басып екіжақты аудитория алмасып, оқырман саны арта түседі. Аталмыш әдісті қолданатын болсаңыз, сіз үшін бірнеше ескеретін жайт бар: келісім жүргізіп отырған парақшаның оқырмандары тірі оқырман екенін қадағалаңыз, егер накрутка болатын болса, жарнамадан сізге ешқандай пайда болмайды. Керісінше өзге парақшаны белгілеу арқылы өз оқырмандарыңызды басқа жанға тіркеп бересіз. Жарнама уақытын нақты бекітіңіз, себебі екі түрлі уақытта салынатын болса, аудиторияда сенім болмайды. Ал сіздің басты мақсатыңыз, сол оқырмандардың сіздің парақшаға тіркелуі.


 



  1. Блогерлер мен танымал жандардың жарна- масын пайдалану. Бұл жарнама түрін көбіміз білеміз, алайда дұрыс пайдаланбаймыз. Сізге бір әнші ұнады, десек те оның оқырмандары мүлде сіздің мақсатты аудиторияңыз болмауы мүмкін. Келісім жасар алдында оның барлық статистика- сын сұрап алуыңыз керек. Жарнаманы неше рет жасайтынын, қандай бағытта және сағат нешеде салатынын келісуді ұмытпаңыз. Сонымен қатар, оқырмандарын да зерттеуіңіз қажет. Ол әншінің, блогердің парақшасындағы кез келген посттағы пікірлерді оқып шығыңыз. Басым көпшілігі нега- тив болмау керек. Мәселен, танымал әншілерді алатын болсаңыз, олардың аудиториясын жақсылап зерттеуіңіз қажет. Егер сіздің тауарларыңыз қолжетімді болатын болса, әрине, жарнамадан тауарыңызға сұраныс артады. Ал егер сізде үлкен компания болып, қымбат қызмет түрін жарнамалайтын болсаңыз, сәйкесінше танымал бизнесмендермен серіктестік орнатып, сол парақшаға жарнама бергеніңіз дұрыс болады. Себебі танымал бизнесмендердің парақшасында әлдеқайда сол қызмет түрін пайдаланатын оқырмандар болады. Ал қарапайым оқырмандар шоғырланған аудитория сіз ұсынған қымбат қызмет түрін ескермеуі де мүмкін. Сондай- ақ, егер сіз көлік сатумен немесе көлік жөндеу қызметімен айналысатын болсаңыз, жарнаманы қаншалықты танымал болса да әйел адамдарға жасатудың қажеті жоқ. Елімізде бірнеше танымал нәзік жанды аруларымыз көлік маркасын жарнамалаумен айналысқанымен тауар сату қарқыны өспеді. Тәжірибе жүзінде танымал ер адамдарға жарнама жасатқан әлдеқайда дұрыс. Инстаграмда жарнама беру құны да арзан емес. Әншілер тарапы бір пост үшін 200 мыңнан 700 мыңға дейін қаражат сұраса, алдыңғы көшті вайнерлер бастап тұр. Юфрейм командасы постты 900 мың теңгеге жарнамаласа, вайнер Сека 1 миллионнан жоғары ақша алады. Сол себепті танымал жандарға жарнама жасату алдында өз қаражатыңызды, жарнаманың тиімділігін сараптап алған дұрыс.


 



  1. Флешмоб (Challenge) ұйымдастырыңыз. Ау- диторияңызды бір сергітіп, жүлде ұтуға ыңталандырып, көңілін көтеріп, өзіңіздің бизнесіңіздің танымалдылығын арттырудың сәті келді. Дәл осы флешмоб әдісі қарапайым адамдар арасында жақсы тарайды. Сіздің тауарыңызбен бірге түскен сурет, қандайда бір қимылды қайталап, билесе жақсы емес пе?! Бірақ сол оқырмандарға ұсынылатын талаптардың жеңіл екенін қадағалаңыз. Егер қиын болатын болса, ол флешмоб емес. Себебі оны ешкім орындамауы мүмкін. Танымал флешмобтарды еске алсақ, бөтелкені айналып тебетін #bootcapchallenge, «10 жыл» бұрын деп жарыса жазған #10yearcgallenge, танымал жұлдыздардың жүрек жасап түскен, балалардың әкесін жұмыстан билеп қарсы алатын әуенді челлендж тағы бар. Дәл осындай қызықты идеямен өз тауарыңызды жарнамалап, оқырмандарға байқау ұйымдастырсаңыз аудиторияңыз да бір сергіп қалады.


 



  1. Вирус хештег. Өзіңіздің бизнесіңіздің бар болмы- сын көрсететін хештег ойлап табыңыз. Адамдар сіздің тауарыңызды алып, қолданып, әсерімен бөлісіп, қуана-қуана сіздің хештегіңізді қоя- тындай. Ал оқырмандарға бұл әрекеттердің бәрін орындауға сіздің хештегіңіз себепкер болу керек. Фирмалық брендті хештегті белгі- легісі келіп тұратындай, әдемі, қызық хештегті жазғысы келіп тұратындай болу керек. Мысалға алатын болсақ, бір ғана жұмыртқаның суреті ең көп лүпіл жинаса, ал #liketheegg хештегімен жүктелген суреттер саны өте көп. Мыңнан аса хештегтер ойластырылып, бір жұмыртқанын түрлі фотоларын желі қолданушылары жарыса салған. Оқырмандар рекордқа кірген жұмыртқа суретіндегі лүпіл санынан өздері жүктеген жұмыртқаның түрлі қызықты суреттері лайкты басым жинайтындығына сенім білдіріп, жарыса түскен. Сіздің де бизнес профиліңіздің бағытына қарай түрлі хештег ойлап табуға болады.

  2. Қайтарып бер әдісі. Қазіргі кезде біздің арамызда ол «гив» деп аталады. Иә, бұл әдіс бәрі- не таныс. Керемет сыйлықты тігіп, спонсорларға жазылуды сұрайтын. Сіз де сол спонсорлар қа- тарына қосылып, оқырман санын көбейте ала- сыз. Бірден аудиторияңыз өседі, десе де олар- дың сіздің парақшаңызда қалу ықтималдылығы төмен. Себебі сыйлық ойнатылғаннан кейін олар оңай шығып кетуі мүмкін. Ал бұл олқылық болмас үшін сол оқырмандарды өзіңізде ұстап қалуыңыз керек. Сәйкесінше контентіңізді жақсартып, парақшаңызды одан да қызықты қыла түсуіңіз керек.


 


Сіз білмейтін инстаграмның сан түрлі құпияларын айта кеттім. Жай ғана әлеуметтік желіде отырып уақыт кетірмей, қайта тап сол қолыңыздағы телефон арқылы табыс табуға итермелейтін қанша мысалдарды көрдіңіз. Алайда оны жүзеге асырып, әрекетке-берекет қылып тірлік жасау өз еркіңізде!





Пікір жазу