01.06.2022
176
![](/uploads/shorttexts/author_image/1b84da.jpg)
Топ 5. Дизайн трендтері
- 3D – визуалды тұрғыда адам жанарына суретті жақын қылып көрсетеді. Тауарды жақын тұрғандай әсер етіп, миды шындыққа жанасымды етіп сендіреді.
- Изометрия – қиғаш сызықтармен сызылып өрнектелген ерекше дизайн. Оның үстіне көптеген сызықтар түрлі түске боялғанда сіздің парақшаңыз жарқын, қанық түстермен ерекшеленіп, фотоңыз әсерлі бола түседі.
- Антигравитация – картинаға қараған кезде зат- тар жоғары ұшып, жүзіп жүргендей әсер қалдырады. Оқырманға да бұл эффект жеңіл әсер етіп, тауарды сатып алуға ықпал етуі мүмкін.
- Сюрреализм, мозаика және арт коллаж - әлемді жаппай жаулап жатқан дизайн. Ұқсас емес дүние- лердің үйлесімділігін табу, фотоның бетіне сурет салу, эмоция туғызатын, қызық туындылар. Туындыға бір қарағанда назар аудартудың жақсы құралы. Модерн арт деген атаумен де танымал. Бұл өнер – мейрамха- на, демалыс орындарында кеңінен пайдаланылуда.
- Анимация – қазіргі таңда инстаграмда жиі қол- данылып жүрген дизайнерлік трендтердің бірі. Жа- риялайтын постыңызға қимыл қозғалыс беріп, түр- лі-түсті әсер береді. Оқырманға позитив сыйлайды, есте жақсы сақталады. Бизнес саласында өзіңіздің логотипіңізге, тауарыңызға тиімді пайдалансаңыз болады.