01.06.2022
  206


Автор: Дәулет Мұқаев

Қолөнер. (Нand-made)

Сіздің сүйікті ісіңіз әрқашан сіз үшін табысты кәсіп түріне айнала алады. Бизнеспен айналысамын деп ниет еткен жандар үшін ешқандай тосқауыл жоқ. Тіпті мүмкіндігі шектеулі (мысалы жазымыш болып екі аяғынан айырылған жандардың талайы өз істерін жасап жүр) болса да еңбекпен, кәсіппен нан тауып жатқандардың қарасы көп.


Тап сондай үйде отырып айналысуға болатын кәсіп түрі – қолөнер.


Бірақ бұл кәсіпті бастамас бұрын, қолөнердің белгілі бір түрін таңдап алғаның жөн. Олар төмендегідей:



  • әшекей бұйымдарын жасау;

  • зергерлік бұйымдар;

  • соңғы кездері өте актуалды болып келе жатқан қолдан жасалған блокноттар және т.б жасауға болады.


Ең бастысы өзіңіздің қолымнан келеді деген қолөнер түрлерін таңдап, табысты жандар қатарынан көріне аласыз.


Қолөнершінің бүкіл жұмысы:



  • креатив

  • жаңашылдық

  • стандартсыздық


Сондықтан шебер өз жолы мен өз стильін табуы


тиіс. Менің ойымша, егер өз ісіңізге жаныңызды салсаңыз, онда ештеңе кедергі болуы мүмкін емес.





Пікір жазу