Косметика дүкені бизнес жоспары
Косметика – әрқашан сұранысқа ие тауар. Бұл әйелдер бизнесінің ең ауқымды түрі. Сонымен косметика дүкенін қалай ашуға болады?
Жыл сайын сұлулық индустриясы дамып, таралуда. Жаңа косметикалық өнімдердің пайда болуы – косметика мен парфюмерияға деген сұраныстың өсуіне ықпал етеді. Әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, әйелдер өз табысының 15%- ын косметикаға ай сайын жұмсауға дайын екенін жасырмайды.
Косметика дүкенін ашу үшін алдымен косметиканың қыр-сырына қанығып, екіншіден, бөлшек саудамен айналысатын барлық кәсіпкерлер тап болатын барлық негізгі кезеңдерді шешу қажет.
Атап айтқанда:
- бизнесті тіркеу;
- қолайлы жайды табу;
- сауда алаңын рәсімдеу
- жабдықтарды сатып алу,
- ассортиментті қалыптастыру және сатып алу;
- қызметкерлерді жалдау;
Косметика және парфюмерия дүкендерінің негізгі форматтары келесідей:
- Элиталық косметика және парфюмерия дүкені.
- Кәсіби косметика дүкені
- Табиғи косметика дүкені
- Емдік косметика дүкені
- Корей немесе шығыс косметика дүкені және т.б.
Ескере кететін жайт: кез келген косметика дүкенінде өнімнің әрбір партиясына толық құжаттары болуы тиіс. Бастапқы кезде қаражатты төмендегідей:
- Арзан тауарлар – 50%
- Орташа құнды – 30%
- Қымбат тауарлар – 20% алған жөн.
Тәуекелдер. Сатып алушыларды тарту үшін белгілі бір уақыт қажет болғандықтан, алғашқы бірнеше айда сіз шығындарға, аздаған пайдамен жұмыс істеуге дайын болыңыз.