31.05.2022
  149


Автор: Ескен Елубаев

ЖЕТIК ЕКЕН ЕСЕПКЕ

Əкесi ұзақ сапардан
Қайтып, үйде отырды.
Сұрады ұлы Қапардан:
– Қалай, жайы оқудың?
Тексергем жоқ мен көптен,
Бiлейiн де сырыңды,
«Үшiң» көп пе,
«Төрт» көп пе,
Жасырма, айт шыныңды...
Қапар айтты еркiн кеп,
Есепке алғыр батыр ғой:
– Əрине, «үштен»
«Төрттiң» көп,
Бiр санға артық жатыр ғой.





Пікір жазу