31.05.2022
253
ПОЕЗД ЖҮРIП БАРАДЫ
Станция алаңы,
Поезд жүрiп барады,
Жол ашық деп хабарлап,
Светофор жанады.
Поезд жүрiп барады,
Үнi құлақ жарады.
Вокзалдағы кезекшi
Оң жол тiлеп қалады.
Поезд жүрiп барады,
Дүрс-дүрс соғып табаны,
Еңбек күйiн шертедi,
Домбыра етiп даланы.
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ Станция Поезд