31.05.2022
  114


Автор: Ескен Елубаев

АМАЛ

Кiшкентай бөбегiм
Ұйқыға кiрiстi.
Осы едi керегi,
Қолға алдым бiр iстi.


Отырмын жұмыс қып,
Тыныштық орнады.
Бiрақ
Бұл тыныштық
Ұзаққа бармады.
Оянып бөбегiм,
Ескi əнiн бастады.
Бiтпедi өлеңiм,
Жыртып ол тастады.
Жəне де келе сап,
Мойныма асылды.
Сынды да қаламсап,
Қағазым шашылды...
Бөпеме қылықты
Таптым мен амалды.
Асырдым қулықты,
Бұл əдiс жарады.
– Кəнеки,
Кел, – дедiм, –
Мұрныңды сүртейiн!
Сол екен,
Бөбегiм
Бұрылды кiлт кейiн.
Қайтып ол бөлмеге
Қойды бас сұққанды,
Мазалап əрнеге,
Басыма шыққанды.
Маған ол келсе ендi,
Жағалап,
Икемдеп,
Қорқытам:
– Мен сенiң
Мұрныңды сүртем! – деп...





Пікір жазу