31.05.2022
  130


Автор: Ескен Елубаев

БОЛАР ЕДIМ ЧЕМПИОН

(Бөспенiң арманы)
Спорттың бар түрiнен
Чемпион да боламын.
Штанга ма,
Мұны мен
Көтере де аламын.
Жарты тонна өзiме
Ауырсынар салмақ па?
Бұйым көрмей, тезiнен
Көтеремiн қаңбақша!
Ұзындықтан он метр
Секiрiп мен өтемiн!
Жүз метрге жүгiрiп
Үш сенундта-ақ жетемiн.
Екi метр аз болып,
Үш метрден қарғимын.
Жиылған жұрт мəз болып,
Мен де бiрге шалқимын...


Арманым бұл өзiмнiң,
Чемпион боп жүрер ем.
Ақтығы үшiн сөзiмнiң
Тек мынаны тiлер ем:
Стадион ол үшiн
Жабық болса əрдайым,
Жəне орнатса...
Мен үшiн
Салмақсыздық жағдайын...





Пікір жазу