31.05.2022
  128


Автор: Ескен Елубаев

ЕГIЗДЕР ЖЫРЫ

Бiрiмiзден
Аумаймыз
Бiрiмiз де,
Киiмiмiз,
Бойымыз,
Түрiмiз де.
Тысқа шықсақ,
Егерде
Бiз екеумiз,
Шатастырып,
Халықты
Мəз етемiз.
Керегi жоқ
Айнаның
Екеумiзге,
Бiр қарасып
Алған да
Жетер бiзге.


Қайда жүрсек,
Таңданып
Жұрт күледi,
Жұртқа күлкi
Сыйлауды
Кiм бiледi?
Бiз екеумiз –
Егiзбiз, жандай тату,
Егiз болу, мiнеки,
Қандай бақыт!





Пікір жазу