31.05.2022
  161


Автор: Ескен Елубаев

ТӨРТ ТҮЛIК

Табиғат о басында
Төрт түлiк мал таратқан.
Барлығын да расында
Адам үшiн жаратқан.
Киiм тоқыр жүнiнен
Жаурағанда бойлары.
Қажетiнiң бiрi деп,
Жаратыпты қойларды.


Қуаттана түссiн деп,
Сүт iшпесе қиын-ды.
Сүтiн сауып iшсiн деп,
Жаратыпты сиырды.
Ел көшкенде жайлауға,
Жүгiн артып жүредi.
Көндiкбас қып айдауға
Жаратыпты түйенi.
Өксiтпесiн өмiрiн
Той болғанда бiр күнi,
Көтерсiн деп көңiлiн,
Жаратыпты жылқыны.
Төрт түлiктiң есектер,
Санатына кiрмептi.
Алмаған соң есепке
Не iстерiн бiлмептi.
Оны сөйтiп жүргенде,
Қарттар көрiп қалыпты.
Жайлы екен мiнгенге
Көлiк қылып алыпты!





Пікір жазу