31.05.2022
  255


Автор: Ескен Елубаев

ҚАМШЫ

Қолға ұстап көруге,
Қызыққандай бар кiсi.
Iлулi тұр төр үйде
Атасының қамшысы.
Сол қамшыңыз орнында
Кейде жоқ боп шығады.
Бар мəнiсiн оның да
Атасы тез ұғады.
Қар жауады қабақтан,
Ұмытады өңгенi.
Бұл –
Ұлының сабақтан
«Екi» алып келгенi.
Өзi ғана бiледi,
Қанық бала сырына.
Таба алмай жүредi,
Қамшыны да,
Ұлын да.
Құпия көп оңында,
Бар ма, сiрə, айтары.
Қамшы тұрса орнында,
Ата көңiлi жайдары...





Пікір жазу