31.05.2022
118
ФАНТАЗИЯ
Түн болғанда қарасаң,
Көресiңдер, балалар:
Жарқыраған тамаша
Аспанда бiр қала бар.
Қаланың ең алыбы
Бүкiл көктi жайлаған.
Терезелер жарығы
Жұлдыз болып жайнаған.
«Құс жолы» – бас көше де,
«Ай» автобус мiнетiн.
Жолаушыны нешеме
Тасымалдап жүретiн...
Бұл қаланың жандары –
Бəрi талант, бəрi ақын.
Таңға сөнбей шамдары
Өлең жазып жататын...
Аспанда бiр қала бар,
Тұратын кiл даналар.
Сенбесеңдер, балалар,
Түнде көкке қараңдар...
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ Фантазия