31.05.2022
  324


Автор: Марат Нұрқалиев

«Ж-ж-жиналыс»

– Жолдастар! Жолдастар, жаппай жиналдық па?
– Жиналдық...
– Жаппай жиналсақ, жолдастар, жан-жаққа жамырамай, жылдық жұмыстарымызды жоспардағы жобамен жөндеп жүргізуге жұмылайық. Жарыссөзге жазылған жолдастар, жиынымызды жындылардың жын- ойнағына жуықтатпай, жандарыңды жеген жайларды жұп-жұмыр жеткізгендеріңіз жөн... Жолдастар! Жиналысымызды жүргізіп, жылда- ғыдай жалпымызға жетекшілік жасау жөні жаһанда жан жетпес Жұха- ңа – Жұтқыншақов Жұтқан Жұтамасович жолдасқа жарасады-ақ!
– Жасасын Жұхаң! Жаны жайсаң Жұхаңдыкі жөн! – Жұрт жан-жақтан жамырап жатыр.
Жағымпаздардың желпуімен жоғарылау жерге жалпия жайғасқан Жұхаң Жұтамасович жағасын жөндеп, жұдырығына жөткірінді.
...Жарыссөз жолы жағалап жүріп, жабдықтаушы Жамау Жасқауовқа жетіп жығылды:
– Жарандар! Жыл жылжып, жетер жеріне жетті. Жетіскеніміз жоқ. Жаз- ба жүзінде жан-жағы жып-жылмағай жүн-жұрқа жинау жоспары жекеле- ген жігерсіз жолдастардың жұқсыздығынан жолға жығылуға жақындады. Жоғарғы жақтағылар жаналқымға жармасқанда, жайбарақат жүрген жағасы жайлау жауапсыз жігіттер жарқабақта жалпылдаған жапалақтай жалбалақтап, жолдарынан жаңылып, жыларман жағдайға жетті.
Жұмыста жүріп, жоспарымыздың жырын жырламай, жанындағы жолдастарымен жағаласып жекпе-жекте жұдырық жұмысып, жұлынып жүргендер жетіп жатыр. Жүгенсіз жігіттерді жабыла жүндемей, жұмсақ- тық жасауымыз-жарасапайтын-ақ жәйт!
Жалпылама жырғалуды, жайылуды жоятын жерге жеттік, жолдастар. Жинақталайық, жөнделейік, жақсылыққа жұмылайық! Жұмысымыздың жұғымсыз жақтарын желкесінен жұлқылап, жеріне жеткізе жерлеп, жақсы жақтарымызды, жетістіктерімізді жеңінен жетелеп, жарыққа жа- риялағанымыз жөн. Жетесіздік жайлап, жегідей жеген жерге жетімсіз же- тістіктеріміз жегені желкесіне жеткен жебірдей жексұрынданып, жүзіміз жүдейтінін жасырмаймыз.
Жағалай жауапсыздық жайлап жатқан – жайбарақат жата жамбаста- рын жауырлатқан жалқау жұмыскерлердің жер-жеберіне жете жекіруге және жандарын жаһаннамға жіберуге жауапты жолдастардың жайы- лып, жөнімен жүрген жүгірмек жынымызды жыбырлатып, жүйкемізді жұқартты.
Жә, жолдастар, жеделдетуді жан-жақты жандандыру жөніндегі жұ- мыстарымыздың да жетіспей жатқан жақтары жетіп жатыр. Жақтырмаса жақтырмасын, жауапты жетекшілеріміз жайлы, жүректері жарылса да, жалтақтамай, жария...
– Жетер!
Жариялылықтың жалына жаңа жармасқан жабдықтаушы жарықтықты жеңінен жұлқып, жарба жарқанаттай жабыстыра жаздаған Жұтқан Жұтамасович жоспарлы жеті жүз жетпіс жетінші жиналыстың жарыссөзін жинақтады:
– Жолдастар! Жаңағы Жамау Жасқауовтай жарапазаншылар жамырап жүрген жерде жұмыс жанданбайды. Жылап-жоқтайтындай жағдайымыз жаман ба?.. Жә, жұртты жеңіске жігерлендірмей, жылампаздық жылымы- на жетелейтін Жамау Жасқауовтай жарияшылдардың жақтарына жылан жұмыртқалатпасақ, жанымыз жайланбас!.. Жарайды, жаңа жылға жасаған жоспарымызды жетілдіретіндей жекелеген жөндеулер жүргіземіз. Жедел- дету, жұмысты жаңаша жүргізу жайы жадымызда, жолдастар!.. Жамыра- май жайларыңа жүріңдер. Жетер. Жиналыс жабық!..
Жарыссөзді жазып алған
Марат Нұрқалиев





Пікір жазу