31.05.2022
  266


Автор: Марат Нұрқалиев

Күйеу бала

Бықпырт бұл кезде Марфаның үйінде самогон ішіп, күшейіп отыр еді.
– Мен служать етіп жүргенде... бір күні генерал келіп... Үйге Мешін кіріп келді.
– Встать! Келіннің қасына шагом марш!
Буыны былқ-сылқ еткен Бықпыртты арқалап алып қайтуға тура келді...
– Бықпыртжан, қысылма, қарағым, мына қайынатаң мен енеңе сәлем бер, батасын ал! – деді Сопақбас. Бықпырт саптағы солдаттай сыздиып тұра қалып:
– Здраю желаю! – деді де, іле қиралаңдап құлап қалды.
– Өзі сондай ұялшақ, қысылғаннан буыны кетіп қалды, ботамның, – деп жуып-шайып жатыр.
– Біздің көркем жігіт бүкіл ауданның сұлу қыздарына қарамай, осы Маржан келінді таңдады. Жалпы адам тани білетін көргенді бала, – деп майыстырды шай құйып отырған Дұлу жеңгесі.
Күйеу баланың көркіне осы тойғандары да жетер дегендей, Мешін Бықпыртты алып шығып кетті.
– ...Болар бала... белгілі ғой өзі, – Дұлу сөзін одан әрі сабақтады. Мен осы ауылға келін болып түскенде, көркем жігіттің жалаңбұт жүрген кезі еді. Сонда да осы Сопақбас қайнаға секілді, сондай пысық болатын... Маржан келін келген жеріне өкінбес, әлі-ақ мына мен секілді қолақпандай қатын болып шыға келеді...
Келінінің керауыздығына қаны қайнай бастаған Сопақбас қайнағасы:
– Осы Тәйтік қайда жүр тағы да? – деп еді, селк ете қалған Дұлу:
– Мен қазанның көбігін алып келе қояйыншы, – деп шығып кетті. Соңын ала қыран-топан күлкіге батқан жұрт құда мен құдағиға талтүсте қолды болған Тәйтіктің тарихын ыңғайын келтіріп, төрт-бес рет айтып берді.


 





Пікір жазу