Құдалар мен құдағилар
Жарты сағаттан соң Мешінге еріп мұнтаздай киініп, үстіне «Тройной» одеколон сепкен Сопақбас пен оның бәйбішесі келді.
– А, құрметті құдалар! Біздің балалардан бір балалық өтіпті. Кессеңдер бас мінеки, жазмыштан озмыш жоқ, әйтпесе, екі бала табысқан екен, төс түйістіріп құда болайық! – деп Сопақбас сораң етіп құлай кетті.
– Әй, милиция, біз саған құда әкел дегеніміз жоқ, қызымызды қайтар дедік қой, бұл қайтіп басынғаның? – деді Маржанның шешесі. – Айдала- дағы ауылға тастап кететін қызымыз жоқ. Давай, тез қайтарыңдар!
– Ау, құдағи, ауыл деп кемсітпеңіз, – деді Сопақбас сопайған басын сәл көтеріп. – Біздің де мәдениетіміз өркендеп келеді. Кәзит, жорнал оқимыз, кино көреміз, апта сайын монша жағылады, ауданнан лектір келіп, дін туралы баяндама оқиды. Телевизор пәка бастықтың үйінде ғана бар, түбі бәріміз де сатып аламыз.
– Жақында Бықпыртжанға «Жигули» сатып әперейік деп отырмыз. Со- сын Қостанай деген немене, шу деп барып тұрмай ма. Өзі армиядан орысша үйреніп келді, – деп қосып қойды бәйбішесі де, жаздың жалпағында киіп алған норка бөркін бір қозғап қойып...
Тартыс екі сағатқа созылды. Ақыры құда мен құдағи Маржанның өз аузынан естиміз деп, Сопақбастың үйін бетке алды. Мың болғыр Мар- жан өз еркімен келгенін растап, тойдың беті бері қарады. Екі жүз грамды еліне қондырғаннан кейін қыздың әкесі күйеу баланы көремін деген тілек білдірді. Жігіттің жеңгелері оны мана тыққан тауыққорадан таппай табан- дарынан тозып, түңіліп келгенде Сопақбас:
– Мешін, қайдасың? – деп ұран тастады...