31.05.2022
260
Кәнсерт
Қонақтарға шай беріп, көңілдерін аулап отырған кемпір:
– Бізде өзі ондай-ондай болып тұрады. Жақында... – деп, Тәйтіктің тарихын қозғай бергенде, есіктен жылтың етіп Жылтыңқара кіріп келді.
– Әже, Маржан тәтей табылды! Сопақбастың үйінде.
– Бәтір-ау, онда неғып жүр? Ата-анасының келгенін естімеген-ау ай- налайын. Кәнсерттері бітті ме екен?
– Қайдағы концерт? – деді бала. – Бықпырт ағам екеуі ауданға барып, суретке түсіп келіпті, бүгін той болады.
– Көтек, не дейді?.. – Кемпір қолындағы кесесін түсіріп алды. Қонақ- тар атып тұрды.
– Милиция қайда?..
Жылтыңқараны жұмсап, есіктің сыртында тұрған Мешін кіріп келді.
– Сабыр етіңіздер, мен өзім барып, біліп келейін. Ашу үстінде қате кетіп жүрер, – деп басу айтты...