Кездіктей кекесін
Қажытай Ілиясов – бірнеше жылдан бері серпінді сықақ өлеңдерімен, мысқылы мүсәтірдей мысалдарымен және пародияларымен баспасөз бетінде көрініп жүр. Күлкі қасиетін білетін қауым оның «Усойқы» деп ата- латын жинағын жылы қабылдаған.
Қажытайдың жаңа жинағы – «Маймылдың мәдениетінде» де арамызда анда-санда болса да сопаң етіп бой көрсетіп қалатын көріксіз көріністерді, ерсі-ерсі істерді, қия басқан қадамы қисық кете беретін құлқынқұмар- ларды, моральдық мұраттарымыздың мұрнын бұзып, жұлынын үзетін
«маймылдардың» мәдениетін және мәдениеттегі «маймылдықты» міней- тін уытты өлеңдер, мысалдар, балладалар топтастырылған.
Жинағында автор қызмет орнына лайықсыз, кездейсоқ кеудемсоқ- тардың образдарына көп көңіл бөліпті. Мысалы, «соавторлықпен» сы- баға суыратын телевизия қызметкері Шалтан («Бас ішінен бас шығады»
«Алып тұрады... салып тұрады...», «Жазбайтын «жазушы», т.б.) сияқты қу құлқынның құлы болған пысықтар (аталған өлеңдерде кеиіпкерлердің есімдері ортақ) кездеспейді деп айта алмаймыз. Ойыны осылғанша ой- ланбайтын обырлар туралы сот залынан жазылған материалдар баспасөз бетінде жарияланып тұрады ғой. Демек, бұл образдардың нанымдылығы мен шынайылығына шек келтірмесек керек.
Кітапта тағы да бір орынды қозғалған мәселе – жас ұрпақ тәрбиесін- дегі олқылықтар. Әзірлігі әлсіз абитуриентке қол ұшын беруге әрекеттен- ген Дәлбіжік («Бірдеңкеевтің ымы») қылығы еріксіз ащы күлкіге батырады. Сондай-ақ аузын аштырмайтын шолжың баласын орынсыз қолпаштай- тын Шөтік («Кеңіш отыр...») өз тәрбиесіндегі кемшілікті көрмей, «түйені мөңірейді, жылқыны маңырайды» деген баласына «ақымақ!» деп зекірген Қауғабай («Түйе мөңірейді») тәрізділердің іс-әрекеттеріне келеке-кекесін келісіп тұр. Жаман әдет жұққыш келеді емес пе, кейбір ортада жаназаға жиналғандардың марқұмның жақсылығын ішімдік ішіп отырып еске түсіру «салты» бар. «Кемпір араласқан ертек оңбайды» дегендей, мас адам араласқанда жаназа түгіл, тойдың да сәні кетер! «Жапақтың жарапазаны» деп аталатын өлеңде осындай «озық дәстүр» ондырмай сыналған.
Автордың саяси памфлет жазудағы талпынысын атап өткен жөн.
...Соғысты ғана, Жаңадан бомба қоятын
Қонысты ғана ойлайтын...
...желсіз жерді борандату, Соғыс отын үрлеп,
Бейбіт елді арандату,
Көңілін алаң қылатын Американ әкімшілігінің («Шалбардың шатағы») қазіргі іс-әрекеттер, «Локхид» компаниясынан заңсыз пайда түсірген Жапонияның бұрынғы басшысы К.Танаканның парақорлығы («Маймыл- дың мәдениеті») аяусыз әшкереленеді. Бұлар – бүгінгі халықаралық ахуалға жазылған уытты сықақтар. Қазіргі кезеңде аз көрініп жүрген осы жанрға автор алдағы уақытта да үлес қосады деп ойлаймыз.
Қ. Ілиясов пародия жанрында да тәуір қалам тартып жүр. Қазақ поэ- зиясының озық үлгілерінің бірі Абайдың «Сегіз аяғының» ізімен («Өгіз аяқ») және күлдіргі ән «Қызылқүмда ауылым» ізімен («Түліктер тойы») жазылған пародиялар да аталған өлеңдердің формасы мен ырғағын пай- далана отырып, сықақшы әдебиеттегі, мәдениеттегі дарынсыздық пен шаруашылықтағы қырсыздыққа қамшы сілтейді. Жинақтың екінші бөлімі топтастырылған мысал өлеңдер мен балладаларда күншілдік пен тұрақсыздық, арамзалық пен түлкі қулық, әділетсіздік, жалақорлық сияқты жағымсыз жайттар астарланған.
Әрине, кітапта олқы тұстар жоқ емес. Мысалы, кейде «пішен» мен
«ішем» деген сөздерді ұйқастыру көп қолданылады. Сонымен қатар кейбір өлеңдер тым шұбалаңқы. Кейбір көпке мәлім анекдоттарды өлеңге арқау еткеннен ұтпайтынына автордың назарын ayдарғымыз келеді.
Жинақ окырман қауымның көңілінен шығады деп сенеміз.