31.05.2022
  122


Автор: Марат Нұрқалиев

Әзілкеш қылқалам

Таяуда республикалық Баспасөз үйінде суретші Николай Михай- лович Казанцевтің творчестволық қызметіне 30 жыл толуына арналған сурет көрмесі ашылды. Қазақстан Журналистер одағы басқармасы мен республикалық «Ара» журналының редакциясы ұйымдастырған бұл көрмеге келушілер жоғары баға беpiп, жылы лебіз білдіруде.


Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Казанцевтің өмірі қазақ топырағымен тығыз байланысты. Сонау Түмен жерінде туған суретшінің балалық және есею жылдары Семей облысындағы Жарма станциясында өтті.


                                                                                                                                              Менің суретші болып қалыптасуыма Жарма өзенінің бойындағы сұлу табиғат, жарқын жүзді адамдар игі әсер етті, – дейді Николай Михайлович.


Республика жұртшылығына суретшінің графикалық жанрдағы шы- ғармалары, атап айтқанда, карикатура мен әзіл суреттер, шарждар жақсы таныс. Н. Казанцевтің қызметі баспасөзбен тығыз байланыста болды. Оның қылқаламынан шыққан күлдіргі суреттері «Ара», «Балдырған»,


«Мәдениет және тұрмыс» журналдарына және басқа газеттерге сән берді. Суретші сонымен қатар балаларға арналған және сатиралық кітаптарды безендіруге де белсене қатысты.


Суретшінің қай қолтумасын қарасаңыз да онан қазақтың ұлттық нақышын аңғару қиын емес. Алматыдағы Гоголь атындағы сурет учи- лищесін 1956 жылы Кызыл дипломмен бітірген жас суретшінің ерекше қабілеті «Ара» журналының алғашқы көркемдеуші редакторы болған В. Чекалиннің көзіне шалынды. Кейін 1959 жылы Н. Казанцев сол жур- налдың керкемдеуші редакторы болып, демалысқа шыққанша осы қыз- метте істейді.


Н. Казанцевтің күлдіргі суреттері Одақ көлемінде де белгілі. «Правда», «Неделя», «Гудок» газеттерінің және сатиралық «Крокодил» журналының беттерінде, сондай-ақ Монғол Халық Республикасының «Тоншуул» жур- налында жиі жарияланып тұрды. Көптеген жылдардан бері әлемдік сатира мен юмордың орталығы болып келе жатқан Гаврово (Болгария) қаласында өтіп тұратын дәстүрлі көрмеге Н. Казанцевтің суреттері екі рет қатысу құрметіне ие болды. Суретші тек сатира саласында ғана емес, сонымен қатар еңбек, өнер адамдарын бейнелеуде де жемісті еңбек етті. Николай Михайловичтің шопандар өмірінен салған суреттері Бүкілодақтық жыл- жымалы көрмеге катыстырылды.


Майталман суретші әлі саптан қалған жоқ. Оның осы күнге дейін еселі еңбек етіп келе жатқанын ай сайын қолдарыңызға тиетін журналдардың беттерінен көруге болады.





Пікір жазу