31.05.2022
131
Құбылма
Кеше:
«Дін дегенің - жын» дейтін,
Молдасың деп жүндейтін,
Ата - салтын міндейтін,
Ана - тілін күндейтін,
«Мен - қазақпын» дегенді,
«Ұлтшылсың» теп тілдейтін -
Болып еді «ең шенді»,
Тітіреткен белсенді.
Бүгін:
Момақансып бұл күнде:
«Тілім, дінім, ұлтым»- деп,
Сол қоғамнан нан жейді,
Жұтқыншағы бүлкілдеп.