31.05.2022
124
Қайта құрылу
Қаулай өскен тікендей қырға тұнып,
Жағымпаздық бой жазды ырғатылып,
Рушылдық, жекжаттық алды торлап,
Өрмекшінің торындай шырматылып.
Тоғышарлық түбіне бойлатпайды,
Төре мінез - шеніне жолатпайды,
Тоңмойындық - тоғыз бас жалмауыздай,
Бірін шапсаң біреуі жалақтайды.
Өтірікпен бүгінгі іс өлшенбейді,
Алдамшылар сонда да көнсең дейді,
Ұрдажықтар кешегі, кілт өзгеріп,
Жапа шеккен жан болып кемсеңдейді.
«Құрылдық деп, қайтадан өзгердік деп,
Жаңа ғана жұмаққа кез келдік», деп -
Ең алдымен осылар ұрандайды,
Күні өтіп кеткенін сезгендіктен...