31.05.2022
  132


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Бір сәт

Қоғамның ауасы,
Қолқаны атады,
Көңілдің дауасын,
Тауып кім уатады? «Көсемдер» еседі,
Таңдайы тақылдап:
«Кеткендер кешегі--
Бəрі де ақымақ!» «Өткенді сызамыз,
Біткенді бұзамыз,
«Измнің» барлығын,
Қайтадан құрамыз!»
Даурығыс, сөз қуған...
Нəтиже - баяғы,
Алдымыз боз тұман,
Не болар аяғы?
«Бірлік» деп ұрандап,
Тоздырып жүрген көп,
Жөн істі бұралап,
Қоздырып жүрген көп.
Дүрлігіс бар маңың,
Іске жоқ, сөзуар...
Тасыған арнаның,
Басылар кезі бар.





Пікір жазу