31.05.2022
144
Әкімдік пен әділдік
Əкіреңдеп əкімдік есіліп жүр,
Əділдікке ор қазып өшігіп жүр,
Түйедейді түйме етіп өшіріп жүр,
Түймедейді түйе етіп өсіріп жүр.
Жөнсіздіктің жорғасы көсіліп жүр,
Тыйым түспей, тұсауы кесіліп жүр,
Əділдіктің əлжуаз шабан аты,
Əлі күнге шаң қауып кешігіп жүр.
Кешірілмес күнəлар кешіліп жүр,
Таныстықпен көп істер шешіліп жүр,
«Байқа күшік!» дегендей қыр көрсетіп,
Шайқап ішіп талайлар есіріп жүр.
«Несі əділдік?» демеші: «Несі ғұмыр?»
Бара жатыр сейіліп көшіп іңір,
Келеді, əне, бəрін де қайта құрып,
Кең ашылып шындықтың есігі бір!