31.05.2022
215
Сал, серілер болсадағы көп мейлі
Сал, серілер болсадағы көп мейлі,
Бұл əлемде сенен кербез өтпейді,
Құлақтағы жалғыз ғана сырғаңа,
Менің бүкіл мал-дəулетім жетпейді.
Шамырқанып, тілдеп мені сөк, мейлі,
Сондадағы жөнсізді кім жөптейді,
Бірақ... Менің өлеңіме бір ауыз,
Сенің бүкіл ен дəулетің жетпейді!