31.05.2022
255
Қош, көктем
Əлі күнге қалған жоқ бала машық,
Баяғыдай құс көңіл ала қашып,
Жиырма бестің желікпе қиқуымен,
Қырқасынан қырықтың барам асып.
Шұқығандай оң көзім сол көзімді,
Талақ етті бұл кезім сол кезімді,
Мініп өскен мойынға інілерім,
Келіп қапты қусырып ол да өзімді.
Хас жүйріктей жанса да талай бағым,
Қаскөй уақыт қоймады алайғанын,
Бара жатыр шөмейіп бал айларым,
Бара жатыр көбейіп самайда ағым.
Бүршік жайған «Жауқазын» ол да семді,
«Халіңді біл, ал Кəкей жолдас, енді!»--
Деп сыбырлап уақыт мазалайды,
Қоштаспасам Көктеммен болмас енді,
Қош көктем!