31.05.2022
  176


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Өнер тарланы

Сыңсытып сыбызғыны қуат-күшің,
Қуырған домбырада күй апшысын,
Дирижер, композитор, əртіс, күйші
Бір өзің бір театр сияқтысың!
Бес өнер аздық етіп атыңа да,
Бес кітап жаздың жəне ақын аға...
Сиқырлы таяқшаңды қозғап қалсаң,
Сілкініп жан бітеді сахнаға.
Қол соғып қастерлесе елің егер,
Ұсынар қашандағы төрін өнер.
Бурылдаған шашыңды сілкіп тастап,
Жасарып сахнадан көріне бер!





Пікір жазу