31.05.2022
  185


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Мектебімнің мерейтойына

Жарыса кеп жамырап əрбір тұстан,
Сан мың ұрпақ білім ап, түлеп ұшқан.
Ұлтымның ұлағатты бір ошағы,
Сұқтанған іші күйіп сыртқы дұшпан.
Жыл салып көре алмасам сағынамын,
Өзіңе əулиемдей табынамын.
Қырықтағы қызығың құтты болсын,
Айналайын, ақ орда шаңырағым!
Ұстаздарым, армысың, тарландарым,
Өздеріңнен білімнің алғам нəрін.
Əлі күнге алдынан кесе өтпей,
Кие тұтқан өңкей бір пайғамбарым!





Пікір жазу