31.05.2022
125
Баяннуурға сәлем
Баяннуур - бақыт қонған жер,
Төрт шұғыласы толған жер.
Ойы - егін, қыры - мал,
Жер жаннаты болған жер.
Қордалы тоғай, көк белдер,
Дүлдүлдер талай өткен жер.
Жырына қосып Шəмелі,
Құрманхан терін төккен жер.
Толысып пісіп жеткен жер,
Алуан өнім еккен жер.
Саусылдаған саңлақтар,
Төсінде еңбек еткен жер.
Сауықшыл сайран елі бар,
Мəйекті шүйгін жері бар.
Айдынды шалқар көлі бар,
Балығы бар, кені бар.
Ақ басты асқар тауы бар,
Орман - тоғай, аңы бар.
Бақ-дəулет болып ағылар,
Қаптаған сан мың малы бар.
Еңбекте елге танымал,
Жарасты жарқын жаны бар-.
Елуге толған еңселі Ел,
Сəлемімді қабыл ал!
Жаңарып өсіп, жасар да,
Жыл - жыл сайын бас алға!
Уа, халқым, мəртебең,
Биік болсын қашанда!