31.05.2022
  157


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Сөйле, Өлгийім

Сөз сұраймын, əдептен озбау үшін,
Мерекелік мінбеден қозғау үшін.
Менің ұлттық мерейім - радиом,
«Сөйлеп тұрған - Өлгийім» - өз дауысым.
Сөйле Өлгийім, Отаның сөз берген соң,
Қайта түлеп замана өзгерген соң.
Бабам үні жалғыз қыр аспап еді,
Əлем тыңдар ұрпағың кез келген соң.
Сен арқылы жиһанға тіл қатамын,
Ана тілде жүректі жырлатамын.
Іші күйсін дұшпанның, дос сүйініп,
Шат үнімді эфирден тыңдатамын.
Күймен тербеп үй төрін кешкіқұрым,
Жап-жайдары, жып-жылы естілуің.
«Сөйлеп тұрған Өлгийім» - өз дауысым,
Ғасырлардан ғасырға жетсін үнің!





Пікір жазу