31.05.2022
159
Жастарың жалынды болсын
Жастарың жалынды болсын,
Шəкірттерің дарынды болсын!
Қырандарың алымды болсын,
Жүйріктерің шалымды болсын!
Бейбітшілік заман болсын,
Мал мен басың аман болсын.
Қатарыңнан оза шауып,
Құтқа тола қадам болсын!
Терін төккен батыр шықсын,
Сөзін төккен ақын шықсын.
Жаманшылық жерге бұқсын,
Жақсылықпен атың шықсын!