31.05.2022
  135


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Байланысшы ару

Қалт етпейсің, күзеттегі жандайсың,
Тəулік бойы бір сəт тыным алмайсың.
Тілектер-мен тілектерді жалғайсың,
Жүректер мен жүректерді жалғайсың.
Жалғағандай жіппен жіптің бір ұшын,
Жалғайсың сен Жермен Жердің бұрышын.
Ең алдымен «Шүйіншілеп» талайдың,
Жеткізесің бақыты мен ырысын.
Елпек қағып отырсаң да елеңдеп,
Соқпай қоймас көлеңке сөз көлеңдеп.
Кім бар дейсің сөгіс естір сенен көп,
Кім бар дейсің алғыс алар сенен көп.
Сенсіз өтпес қуаныш та, қайғы да,
Жалға, жалға қажет десе Айды да.
Мазаңды алып өтінсе де кез-келген,
Жалғама тек жүрегіңді ездермен!





Пікір жазу