31.05.2022
130
Делуінге
Еміп жатқан мама таулар желінін,
Қос өзенің-қос бұрымың, Делуін.
Төл еркесі, кең өлкесі-елінің,
Қолыңды жай бата берем, Делуін!
Жастарыңның қуғаны арман болсын,
Жалғызағаш жайқалып орман болсын.
Бүркітіңнің алғаны түлкі болсын,
Шегіртайың үйірлі жылқы болсын.
Аулың сайын ақылгөй кəрі болсын,
Арасаның шипалы дəрі болсын.
Тойлыбайың Абайдай ақын болсын,
Топты ұрпағың Ікейдей батыр болсын.
Көксеркең мыңғырған қой болсын,
Көктөбең жаңғырған той болсын.
Фермаңды қызыл қой бассын,
Зердеңді сұңғыла ой бассын.
Аллаһу əкбəр!