31.05.2022
  108


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Қозының зары

Жарық дүние-ай, жалт етіп,
Алақаныңа түстім бе?!
Шаранам кепсе үстімде,
Қоштасам қайта үш күнде!
...Кең өріс қайда? Ойнақтап,
Көдесін көктеп өткем жоқ.
Қонағыңа соймаққа,
Қол жайып тұрсаң өкпем жоқ.
Нең бар еді жасықта,
Уыздың дəмі кеткен жоқ.
Шалуға мені асықпа,
Шаранам əлі кепкен жоқ...
Аш құрсағың толғанда,
Алты ай сақтап «адасып»
Үш күндік мынау жалғанға,
Əкелдің несін, анашым?!





Пікір жазу