31.05.2022
138
Қызқуар
Алысқа сырласумен ап бара алмай,
Сен қалдың бір ауыз сөз ақтара алмай.
Жалт етіп бір тебініп жөнелді қыз,
Адырдан тұра қашқан ақ маралдай.
Бас қамшы, қуып жет те, сүй бетінен,
Ой, шаң қапты-ау, құрып кет, илетілген.
Қойға мінер жабыны тойға мініп,
Өзіңе де болайын сүйретілген.
Қаш кейін, аттың басы шегерілді,
Аруға ал жаздырып бедеріңді.
Төменде - шаң, төбеңде қамшы ойнаса,
Көрермін жігіт сонда өнеріңді.
Жоныңды тос, қамшыға қиқаңдамай,
Ол дағы тойдан жеген сый тағамдай.
Əзілқой ақша жүзі күлім қағып,
Ұрғаны сұлулардың сипағандай.