31.05.2022
139
Боздап көңіл
Москваның лағыл-жақұт, сан сағым,
Бар қызығын көріп қалай тауысамын.
«Россия» қонақ үйінде отырып,
Боз үйімді, боз анамды аңсадым.
Жатсамдағы мамығында «Волганың», (Жаратқан-ау, астамшылық болмағын).
Құмарландым ер салуға үстіне,
Боз далада тайпалған боз жорғаның.
Мезі болып тірлігінен қаланың,
Ай өтпей-ақ аңсап, жүдеп барамын.
Боздап көңіл қырға тартып тұратын,
Боз ұланы-ай, боз ұланы-ай даланың.