meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  31.05.2022
  143


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Ауылда демалғанда

Жорғасына мінемін маймақтатып,
Маясына мінемін тайлақтатып.
Ақ дəнінен мəйек ап айлап татып,
Күрең шайын ұрттаймын қаймақ қатып.
Өзен кешіп, үлгірмей қыр айналып,
Өте шықты қас-қағым бір ай неғып?
Қыдырындай қиыспай аттанамын,
Құп - қу өңім нарттай боп шырайланып.





Пікір жазу