31.05.2022
  137


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Тау дедің, қызыл шың дедің

Тау дедің, қызыл шың дедің,
Білемін саған жақпады.
Жерімді менің күндедің,
Жерімді менің даттадың.
Ит өлген қиыр шет дедің,
Намысқа тидің соқтығып.
Жөн еді-ау түзу кеткенің,
Əдіреқалғыр, боқмұрын!
Жаман да болса өз жерім,
Жазыққа қиман шыңымды.
Керегі жоқ өзгенің,
Туған жер - тігер туымды!





Пікір жазу