31.05.2022
  110


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Бірінен -бірі мойнын соза ұзартып...

Бірінен-бірі мойнын соза ұзартып,
Бақталаса шаншылады құзар-тік.
«Бекер, бекер» дегендей-ақ қасқа шың,
Қасқаяды маңғаздана мұнартып.
Сейіл құрып шықсаң кешкі уақта,
Ауа жұтып, қуат қосып қуатқа.
Ақ сазандай лағыл тəні жарқырап,
Ай шомылып жатар төмен суатта.





Пікір жазу