31.05.2022
  168


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Сырлы ыдыста сырылдап

Сырлы ыдыста сырылдап,
Қымыз мөлт-мөлт етеді.
Қымыз құйған қырындап,
Қыз да елп-елп етеді.
Жігіт – сезім қонақтап,
Табыссам деп бұ қызбен.
Бір тəтті ойды сораптап,
Қоса ішеді қымызбен.
Періште қыз арбап та,
Алдайтұғын секілді.
Ол сапырған шəрбатқа,
Қанбайтұғын секілді.
Алдындағы «жұлдызға»,
Сұғынады тоя алмай.
Сол аруды қымызға,
Қосып ішіп қоярдай.





Пікір жазу