31.05.2022
143
Асқақ – асқақ тауларым
Асқақ – асқақ тауларым –
Асқақтаған арманым.
Ақ жусаны – əтірім,
Ақ бұлағы – саумалым.
Шешек атқан жан-жағым,
Шалғынына аунадым.
Көк майсасы – кілемім,
Көк аспаны – самғауым.
Тауға шығып барладым;
Таутекенің шаңдағын.
Серектерде секиген,
Селтеңдетіп аңдарын.
Бұратылған, алдарым:
Бал қарағай, талдарым.
Балбырап дем алғамын,
Балқып бал-бұл жанғамын.
Көріп: Күннің самғауын,
Гүлдің бүршік жарғанын,
Тамашалап бар маңын,
Тұнығына қанғамын.
Жаз ойлаған мал қамын,
Жайлауына барғамын.
Малшы ауылдан алғамын,
Сары қымыздың бал дəмін.
Маржан қыздың аңдадым –,
Майыстырып бармағын,
Күрпілдетіп көнегін,
Күреңдерді сауғанын.
Жанарымды алмадым,
Жүрегімді жалғадым,
Ол – Баяннан аумады,
Мен – Қозыдан аумадым.
Оркеш – оркеш жан – жағым,
Осы менің тау – жаным!