31.05.2022
136
Етікшінің соңғы сөзі
Көк кебіс тіккен келтіріп,
Қолдарым, қайран, қара күс.
Жалаң аяқ кемпірім,
Ширатады тарамыс.
Дүние-ай,о бастан-ақ,
Сүйретіліп шұлығым.
Біте алмай келем таспалап,
Жоқшылықтың жұлығын.
Жетпедім əлі бүтіндеп,
«Пышаққа ұста жарымай».
Өмір-ай, өткен түтіндеп,
Бір тоймаған қарын-ай!
Үзілген мен бір таспамын,
Бізіңе мынау кім ие?
Басқа бір əн бастағын,
Ей, жалаңаяқ Дүние!