31.05.2022
  105


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Ікей

Көкжиектің азайып нұр шуағы,
Қаралы аспан қансырап тұншығады.
Иесі жоқ, азынап ай – арғымақ,
Қара бұлтқа бір батып бір шығады.
Қалқынғолдың12 еңсеріп жүзін қайғы,
Оқ осқылап су беті шыжылдайды.
Отқа оранып, боздаған боз дөңесте,
Жалғыз қурай сыңси кеп ызыңдайды.
Аямастан қасық қан, тері, күшін,
Аяулы отан, ардақты елі үшін.
Айқасты ол аспан жер астасқандай,
Қалқынғолдың бір сүйем жері үшін.
Жай отындай лапылдап қаулады да,
Жасын болып атылды жауларына.
Жарқ-жұрқ етіп алдында жүргенінде,
Жабылды кеп самурай аударыла.
Жалын атып жанары шарасынан,
Түрегелді мүрделер арасынан.
Ақтарылған ішегін қолға уыстап,
Жəне ұмтылды қан саулап жарасынан.
Қызыл өртке оранып лапылдаған,
Тас мүсінге айналды батыр бабам...
Сескеніп жүр, дұшпаным, ескеріп жүр,
Маузерінде бір оқ бар атылмаған.





Пікір жазу