Отыз сегізінші жыл
Отыз сегіз-шырқырап шерлі өткен жыл,
Ел есінен шықпастай меңдеткен жыл.
Ұрпақтардан ұрпаққа мəшһүр болған,
Білесің бе, ұмтылмас ол неткен жыл?
Ақиқатты ендеше тыңда, қарақ,
Өтірікті көп жүрдік шынға балап.
Əлі күнге сал болып отырады ел,
«Кісі ұстаған жылы» деп жылнамалап.
Адасты бір дəуірдің көші лағып,
Несі кетті білмеді ел, несі қалып.
Отырады үлкендер санамалап,
«Мал құралған9 жылы» деп есіне алып.
Отыз сегіз – «тірідей көм» деген шақ,
Қайран халық, бүк түсіп меңдеген шақ.
Ел іші, толып жетім-жесірлерге,
Баласына əкесі сенбеген шақ.
Отыз сегіз-қабырға сөгілген шақ,
Көздің жасы көл болып төгілген шақ.
«Есіркудің10 кесірі тиеді» деп,
Ағайыннан ағайын бөлінген шақ...
Білсек те өмірде өтпек, озбақ барын,
Бүгінгі күн жатырмыз қозғап бəрін.
Суалған жақ, қуарған шаштар қанша,
Содан бері жоқтаумен боздақтарын.
9 Құралған (моңғю хураасан) – конфискеленген 10 Есірку (моңғю Эсэргүү - қарсы) – Халық жауы
Кім нəубетті еске алмай қоя алады,
Кемпірлердің жастығы боялады.
Арын қорғап түсінде «кешуіндерден»11,
Əлі күнге шошынып оянады.
Қара таңба басылып бесігінде-ақ,
«Есіркусің, – дейме деп, – есімің жат» -
Кінəлідей жасырып ата – тегін,
Қор боп өткен өмірі несі қымбат!
Ал сөйлеңдер, кəнеки, ашынғандар,
Абыройы ашылып шашылғандар.
«Есірку» деп, «ұрқы деп есіркудің»,
Маңдайына қара дақ басылғандар,
Ал сөйлеңдер ашылып, асыл жандар!
Бар мəйегін халықтың, қаймақтарын,
Арғымағын, нелер боз тайлақтарын,
Ар – ұжданын, жетекші ақыл – ойын,
Қарақшы оққа берген кім байлап бəрін?
О дүниеден күңіренсін есіл үндер,
Аруақтар да, сөйлеңдер, шешіліңдер.
Кімдер ол: китілділер, не шабарман,
«Шаш ал десе, бас алар» кешуіндер...
Солай – шығар, заманы солай – шығар,
Айдап – ату ол кезде оңай шығар?
Жоқ, атамын! Өзге емес өз əкесін,
Оққа байлап беруге қалай шыдар?
Болған солай тəңірден безінгендер,
Сан күнəні арқалап көз ілгендер.
11 Кешуін (моңғ. Гишүүн – мүше) – «Шаш ал десе бас алар»
шолақ белсенділер
Əлі де жүр біразы мұрты сынбай,
Айналдырып терісін сезілмеуге.
Салса өзін салғандай тезге сені,
Арлы болса əз жаны төзбес еді.
Сол күнəһар бүгіндер моп – момақан,
Көшелерден елеусіз кездеседі.
Қайдан тисін өзіне өз кеселі,
Шайқаумен жүр, ілместей көзге сені.
Жасы жуған жесірдің жасаулары,
Жаймасынан сол үйдің кездеседі.
Хат білгенді көзі ашық, молда санап,
Айдайтұғын кісендеп, қорлап, сабап.
Сол құдайсыз бүгіндер құран оқып,
Молдасымақ болып жүр далбасалап.
Басып қайтем бетіне, басып қайтем,
Жеңген түрмен желкелеп тасып қайтем.
Халқым менің кең қолтық, кешірімшіл,
Дəстүрінен осынау асып қайтем.
Бар жазаның ауыры-ар жазасын,
Өзі – ақ тартар,
Бетіне басып қайтем!