31.05.2022
149

Қағаз барыс
Əу - Атадан болмаған ісік-желік қанында,
Қоңыр мінез, қоңыр күй-рухында, жанында.
«Жеңге жалғап етегін», күн кешкен сар далада,
Монғол халқы қой мінез - Барыс бола ала ма?
Сахараның мінезін сахнаға көшіріп,
Қоңыр Қойдан жасанды Барыс тумақ есірік...
Балапандай əлжуаз, жаңа жарған қауызынан,
Сақта тəңір, Елімді Жолбарыстың аузынан!