31.05.2022
  138


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Озық шықса ортамыздан күндейміз

Озық шықса ортамыздан күндейміз,
«Мынау біреу бізден асар кім?» дейміз.
Бақталасып бостан-босқа сырт беріп,
Оралғы боп, ғайбат айтып тілдейміз.
Өсер халық өзін-өзі сыйлайды,
Өшер халық жауласуын тыймайды.
Мың бұғының мүйізі сияр қазанға,
Қос қошқардың басы неге сыймайды?
Өзімізден шығар болса жау егер,
Бізді қалай сыйдырады: ауа, жер.
Қазақ дерті - бақталастық деген бар,
О,Тəңірім, осыған бір дауа бер!





Пікір жазу