31.05.2022
  149


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Қос жанарым Көкжиекке телініп

Қос жанарым Көкжиекке телініп,
Қой торыны қамшылаймын тебініп.
Сағымданып бір шетінен бір шеті,
Сайын дала жеткізбейді шегініп.
Таңдайыма дəмі келіп шекердей
Сылаңдайды сайқы Үміт, жетердей.
Көкжиекке жетпесімді білемін,
Біле тұра ұмтыламын, бекерге...





Пікір жазу