31.05.2022
  106


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Бұлбұл ұшып, бақ тайып көзімізден

Бұлбұл ұшып, бақ тайып көзімізден,
Тайқып жүрміз уəде, сөзімізден.
Жақсылық та бұл күнде өзімізден,
Жамандық та, ағайын, өзімізден.
Қисық ағаш шығып жүр тезімізден,
Өзімізден, бəрі де өзімізден!





Пікір жазу